Көкпекті ауданынының Үлгілі малшы ауылында шайбалы хоккейден аудандық сайыс өтті

152
көрілім

Ауданның әр түкпірінен келген хоккейшілер Үлгілі малшы ауылында бас қосып, жүлделі орындарды сарапқа салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көкпекті ауданында қысқы спорт түрі бірқалыпты дамуып келе жатқандығы рас. Соның ішінде Үлгілі малшы ауылы Абай атындағы "Мектеп-балабақша" кешенің ерекше атап айтса болады. Мектеп директоры Ермек Сыдықұлы жас хоккейшілердің жетістігіне де тоқталып кетті.
– Бұл мектептің оқушылары шайбалы хоккейден бірнеше жыл қатарынан аудан бойынша чемпиондық тұғырдан түспей тұр. Сонымен қатар, облыстық жарыстарда топ жарып жүргені тағы бар, – дейді ол.

Сонымен ауданның кіл мықты командалары келіп қатысқан сайыста 3 орынды Көкпекті орта мектебі мен Аухадиев орта мектебінің оқушылары иеленді. 2 орын Үлкен-Бөкен мектебіне бұйырса, 1 орын мен аудандық біріншіліктің кубогын Абай атындағы "Мектеп- балабақша" кешенінің оқушылары иеленді.
Кіші командалар бойынша 3 орынды Аухадиев атындағы орта мектебі, 2 орынды Үлкен- Бөкен орта мектебі, 1 орын және аудандық біріншіліктің кіші кубогын Абай атындағы "Мектеп- балабақша" кешенінін кіші құрамасы еншілеп, кезекті мәрте мықтылықтарын байқатты. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Талғат Нұрланұлының айтуынша, биылғы жылы шайбалы хоккейден облыс чемпионатының өңірлік ойының Абай атындағы "Мектеп- балабақша" кешенінде өткізуді жоспарлап отыр екен.
Нұрбек АСҚАРОВ