Көкпектілік палуан әлемдік рейтингте үш сатыға көтерілді

414
көрілім
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан

Жерлесіміз Данияр Қайсанов жуырда Италияда өткен турнирден кейін әлемдік рейтингтегі жағдайын біршама жақсартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Matteo Pellicone Memorial» халықаралық турнирінен кейін ол 12 ұпайға ие болды. Ресми күрес парақшасының дерегінше, көкпектілік спортшының еншісінде 32 ұпай.
 Естеріңізде болса, Қайсанов аталмыш турнирде 74 келіге дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеген болатын. Қола медаль үшін болған белдесуде пуэрто-риколық Франклин Гомез Матосты 3:2 есебімен тізе бүктіріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Әзірге бұл салмақтың тізгінін ресейлік Заурбек Сидаков (60 ұпай) ешкімге бермей тұр.

Әділхан ЕСІМХАНОВ