Көкпектілік палуан әзірлігі жайлы ой бөлісті

1386
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов бірнеше ай бойы тыңғылықты әзірліктен қол үзіп, оқу-жаттығу жиыны кезінде қалай дайындық жүргізіп жатқандығы жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетіне берген сұхбатында жерлесіміз әзірлік барысын оң бағалады. Айтуынша, талай палуан осы аралықта бозкілемді айтарлықтай сағынып қалған.

– Жиын өте жақсы өтуде. Салған жерден жаттықтырушыларымыз жүктемелер легін күшейтті. Дайындық кезеңін қатты сағынып қалыппын. Қайтадан қалыпты жаттығу жиындарына оралғаныма қуаныштымын. Күн сайын үш мәрте жаттығамыз. Алдағы жарыстарға қатысты қандай да пікір айту қиын. Жағдай тұрақталса халықаралық турнирлер басталады деген ойдамын. Шыны керек, тезірек бозкілемге шығып, өз салмағымның үздіктерімен белдескім келеді. Командаластарым да спорттық бабын жоғалтпаған. Спортшылар жаттығуды, бірін бірі сағынып қалған. Демалыс күндері бұрынғы еркін күрес балуаны, жерлесіміз Артем Резниковке жанкүйер болып, оның жеңісіне қуандық. Өзіміз жаттығып жатқан Шымкенттегі спорт базасы да көңілімнен шықты. Мұнда бірінші рет келіп отырмыз, - дейді Қайсанов.