Көктайғақ салдарынан мектептерде екінші ауысым сабақтары тоқтатылды

310
көрілім

6 желтоқсан күні ауа райының күрт өзгеріп, көктайғақ болуына байланысты кейбір қала мектептерінде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, Өскемен, Курчатов қалаларында және Шемонаиха ауданында 2 ауысым, 1-11 сыныптарда, Семей қаласында 2 ауысым 1-9 сыныптарда көктайғақ салдарынан сабақ болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, «6-7 желтоқсан күндері жауын-шашын үдеп, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі» деп хабарланған болатын. Сонымен қатар кейбір автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.