Көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

348
көрілім
Шартты фотосурет

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыстың жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында барлық автожолдар жабық. 
Жалпы, көлік қозғалысы шектелген автожолдардың тізімі мынадай: 
1. Нұр-Сұлтан-Щучинск, 18-231 шақырымы; 
2. Нұр-Сұлтан-Теміртау, 1291-1426 шақырымы; 
3. Самара-Шымкент, 773-965 шақырымы (Белогорка-Қарабұтақ); 
4. Ақтөбе-Атырау-Астрахань, 11-98 шақырымы (Ақтөбе-Қандыағаш);
5. Ақтөбе-Орск, 16-135 шақырымы (Ақтөбе-РФ);
6. Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы, 0-39 шақырымы;
7.Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, 0-258 шақырымы (Қандыағаш-Шалқар);
8. Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары, 7-66 шақырымы (Ушановское-Серебрянск);
9. Алматы-Өскемен, 971-1068 шақырымы (Қалбатау-Қ.Қайсенов).

Республика жолдарында 688 арнайы техника жұмыс істеп жүр. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.