Көктайғақтың кесірі

294
көрілім

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына орай Семей қаласы мен Жарма ауданындағы мектеп оқушыларына сабақ болған жоқ, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

- 26 қараша күні Семей қаласы мен Жарма ауданында ерекше көктайғақ орнады. Осы себепті Семей қаласында І-ші ауысымдағы 1-9 сыныптарға, ал Жарма ауданында І-ші ауысымбағы 1-11 сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына сабақ болған жоқ, - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Синоптик мамандардың хабарлауынша қарашаның соңғы күндері өңірімізде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, бірнеше аудандарда көктайғақ орнатып, ауа температурасын салқындататын көрінеді.

Ерлен ОСМАНОВ