Көлікті есептен қалай шығарамын?

394
көрілім

– 2011 жылы заңды тұлға автобусын есепке қойған еді. 2013 жылы компания жұмысын тоқтатты. Автобус пайдаланылмаған соң уақыт өте келе оның кузовы ғана қалған. Нөмірі де жоғалды. Техникалық құжаты ғана бар. Бүгінде жеке тұлғаның кәсібі жабылуда. Көлікті есептен қалай шығаруға болады?
Ермек
Сауалыңызға ҚР ІІМ ӘПК жауап береді:

– Көліктің тіркеуге алынғандығы жөніндегі куәлік немесе мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ, мекенжайы да белгісіз болған жағдайда транспорт құралын жол қозғалысы қауіпсіздігі саласының өкілетті органы шығарған қорытындысы негізінде есептен шығарылады. Сондай-ақ аталған техника соңғы үш жылдың көлемінде қозғалыста болмағандығы жөніндегі мәліметтер келтіру керек.