Шығыс Қазақстанда «Баланы мектепке жинайық!» қайырымдылық акциясының алғашқы қорытындысы шығарылды. Биыл дәстүрге сай нұротандықтар 1500-ден аса оқушыға көмек көрсетті.
Өңірде «Баланы мектепке жинайық!» акциясы тамыздың 1-інде бастау алған болатын. Бұл жобаның мақсаты – аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға қолұшын созу.
Төраға орынбасары Олег Чугунков атап өткендей, акция аясында Шығыс Қазақстанда 998 көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға, ата-анасыз қалған балалар, сонымен қатар қолдауға мұқтаж партия мүшелеріне көмек көрсетілді.
– Акция аясында қазірдің өзінде облыс бойынша 100-ден астам қайырымдылық және мерекелік іс-шаралар өткізілді. Жалпы саны 4 мыңға жуық адам қамтылды. Нақты көмекпен 1500 бала қамтамасыз етілді. Айта кету керек, жоғары белсенділікті, әсіресе, мәслихат депутаттары, Бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия мен өндірістік кәсіпорын белсенділері, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері танытып жатыр, – дейді «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары Олег Чугунков.
Өз тілшіміз