Конкурсқа қатыспай өте ала ма?

378
көрілім

- Балам биылғы жылы 11 сыныпты аяқтайын деп отыр. Ол осыған дейін ғылыми жобаларымен республикалық байқауда жүлделі орын алған. Білгім келетіні, еліміздің қандай да бір жоғарғы оқу орнына түсу кезінде оған белгілі бір жеңілдіктер жасала ма? Ұлттық бірыңғай тестілеуден қажетті ұпай жинаса соң грантқа конкурсқа қатыспай-ақ өтуге мүмкіндігі бар ма?

Аягөз ауданынан тұрақты оқырман

Бұл сауалдың жауабы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан табылды:

– "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылданатындар, Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша табысталған сертификаттағы балдарға сәйкес берген өтініштері бойынша конкурстық негізде қабылданады. Оқушылар арасындағы республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпазы болған түлектерге ҰБТ-ның және кешенді тестілеудің қорытынды балдары тең болған жағдайда ғана басымдылық беріледі.