Көпбалалы отбасыдан шыққан түлектерге 5 мың білім гранты бөлінді – министр

350
көрілім

Көпбалалы және атаулы көмек алатын отбасыдан шыққан түлектерге 5 мың грант бөлінген. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


«Мемлекет тапсырмаларын іске асыру бойынша біздің министрлік 4 іс-шара негізінде жұмыс істеп жатыр. Біріншісі, нысаналы 5 мың грант тағайындау. Бұл гранттар көпбалалы және атаулы көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға тағайындалады. Гранттардың қаражаты трансферт арқылы жергілікті әкімдіктегілерге беріледі. Олар өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтар тізбесін анықтап, конкурстық комиссия құрып гранттарды анықтайды. Жалпы, бұл меxанизм бар, заңнамаға енгізілген. Нысаналы грантқа ие болу үшін талапкер ҰБТ-ның шекті балын жинау керек», - дейді Асxат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, талапкерлер алдымен 21-31 шілде аралығында өтетін республикалық конкурсқа қатысу керек. Егер ол конкурстан өте алмаса, 5-10 тамыз аралығында өтетін нысаналы грантқа бақ сынайды. Ол үшін жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет.

«Жергілікті әкімдік гранттарды ҰБТ-ның балына және грант санына қарай тағайындайды. Нәтижесін жергілікті БАҚ бетінде жариялайтын болады. Барлық мақсатты грант иелеріне әдеттегідей 20949 теңге стипендия тағайындалады. Сондай-ақ жылына 2 мәрте жол жүру өтемақысы төленеді», - дейді министр.