Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларында жеке әлеуметтік төлем карталары болады

275
көрілім

Біз балаларға арналған жаңа әлеуметтік карталар қалай жұмыс істейтінін көрдік. Бұл жүйе өте ыңғайлы деп айтуға болады, ашықтық арта түсті. Басты мәселе – біз аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларының жақсы тамақтана алатындығын, жақсы киінгенін, оларға қажеттінің бәрі бар екенін білуіміз керек.

Мемлекет бұл картаға ақша аударады, олар нақты балаларға беріледі. Тиісінше, егер бала толыққанды тамақтанса, егер ол жаурап жүрмесе, оның дені сау болады – бұл атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың басты мақсаты орындалды деген сөз.

Енді әр бала атаулы көмек пен қажеттінің бәрін алды. Картада барлық қажеттіліктер қарастырылған, бала онымен еркін жүреді. Біз оның мектепте тамақтанғанына, оның барлық керек-жарақтары, киім-кешектері барына еш күмәнданбаймыз.