Қордайдағы қақтығыс: Қырғызстанға кеткен 8000 қазақстандық елге оралды

354
көрілім

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғадан кейін Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өткендер Қазақстанға қайта оралды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Qamshy.kz ке сілтеме жасап.

– Соңғы 3 күнде елден біраз азаматтар көршілес жатқан Қырғыз еліне қашып кеткен. Екі күн ішінде 8000 адам қайта елге оралды. Кешеден бері штаттық режимдегі барлық садиктер мен мектептер ашылып іске қосылуда. Сауда орталықтары да өз жұмыстарын бастады, – деді Сапарбаев.

Естеріңізде болса, 7 ақпан күні кешкі уақыттарда Жамбыл облыстық полиция департаментіне Қордай ауданы Масаншы ауылының маңында 70-тен астам адамның төбелесіп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен еді. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы барлар анықталып жатыр.