Қордайдағы төбелес: Зардап шеккен 41 адам ауруханада жатыр

396
көрілім

10 ақпандағы мәліметке сәйкес, жаппай жанжал салдарынан 178 адам зардап шекті, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.kz ке сілтеме жасап. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қордайдағы төбелес кезінде зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиға орнында Үкімет комиссиясы жұмыс істеуде.  

Жедел медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына шұғыл түрде мамандар тобы және шұғыл медициналық көмек бригадалары жіберілді. 100-ден астам медицина қызметкері мен 36 санитариялық көлік, оның ішінде 2 санитариялық авиация тікұшағы тартылды.

10 ақпандағы мәліметке сәйкес, жаппай жанжал салдарынан 178 адам зардап шекті, 10 адам қаза тапты (8 - оқиға орнында, ауыр жарақат алған 2 адам ауруханада).       

- Медициналық көмекке 170 адам жүгінді. Өтініш білдіргендердің: 117-сіне амбулаториялық көмек – (102 - ҚР, 15 Қырғыз Республикасында); 53 адамға стационарлық көмек - (43 – ҚР, 10 – Қырғыз Республикасында) көрсетілді. 10.02.2020 жылғы сағат 12.00 жағдай бойынша 41 науқас стационар жағдайында емделуде: Алматы қаласының стационарларында – 25; Жамбыл облысында – 14; Қырғыз Республикасының стационарларында – 2. Оның ішінде: реанимацияда 9 пациент, бейінді бөлімшелерде –түрлі жарақат алған 32 пациент бар. 17 науқасқа ота жасалды, - делінген министрлік хабарламасында.   

Айта кету керек, бүгін Қордайдағы аудандық орталық ауруханада 1 пациентті және Қырғыз Республикасынан 2 пациентті Алматы қаласында тасымалдауға дайындық жүргізілуде.        

Пациенттерге медициналық көмектің барлық түрі мен көлемі ТМККК шеңберінде тегін көрсетілетінін атап өту қажет.

Қазір науқастар мамандардың бақылауында және қажетті ем алуда.