Коронавирус: Өскеменде көпшілік орындардағы балалар ойын алаңдары жабылды

53
көрілім

Өскемен қаласында коронавирустың алдын алу мақсатында көпшілік орындардағы балалар ойын алаңдары жабылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  
Бұл жайлы бүгін қала әкімдігінде өткен жиын барысында шаһар басшысы Жақсылық Омар мәлім етті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, коронавирустың таралуына жол бермес үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, бизнес өкілдеріне дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жайлы кеңес берілді. Барлық мәдени-көпшілік шаралар, спорттық сайыстар кейінге шегерілді. Көпшілік орындардағы балалар ойын алаңдары жабылды. Сондай-ақ 13 наурыздан бастап білім беру мекемелеріндегі үйірмелер, қосымшалар тоқтатылды», - дейді ол.