Коронавирус: ШҚО-да ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтпейтін болды

54
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Өңірімізде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің бәрі өндіріледі. Біз «Nur Otan» партиясымен бірлесе отырып, бағаның қымбаттауына жол бермес үшін үнемі мониторинг жүргізудеміз. Сондай-ақ сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында күн сайын 218 тоннадан астам сүт жеткізілуде. Күн сайын базарлар мен дүкендерге 106 тонна сиыр еті жеткізіледі, - деді облыстық ауыл шаруашығы басқармасының басшысы Ержан Нұрбаев ШҚО Ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, аймақтағы барлық өндіріс орындарында санитарлық қауіпсіздікті сақтауға баса назар аударылып жатыр. Аптасына бір рет қала және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де уақытша өткізілмейтін болды.