Коронавирусқа қарсы тұру әдісі

593
көрілім
Шартты фотосурет

Коронавирус пандемиясы республика көлемінде ғана емес, күллі Денсаулық сақтау ұйымдарына тосыннан төнген қара бұлт  іспетті. Осы ретте ғалымдар, ақ халаттылар жаппай індетке қарсы вакцина іздеудің қамына кіріскен.
Мұнымен қатар КВИ-ге қарсы күрес кезінде басқа да амалдар қарастырылуда. Уақыт өткен сайын оны емдеу тәсілдері өзгеріп сала беруде. Шыны керек, ортақ мәселе бір болғанымен әр мемлекет емдеу әдісіне келгенде түрлі бағыттар ұстануда. Десе де қазіргі уақытта ең тиімдісі – вирус жұқтырған адамдарға қан құю арқылы КВИ-ге тосқауыл қою. Бұл ретте қан құю аса ауыр халдегі, оның ішінде өлім мен өмір арасындағы, өкпеге жасанды дем беретін аппарат көмегімен тыныстап жатқан науқастарға қолданылатынын айта кеткен орынды. Қан құю әдісі коронавирусқа шалдыққандардың өліп кету жағдайларын азайтқан. Ал қазіргі уақытта бұл елімізде де қолға алынуда.
Кей деректерге сүйенсек, қан құю әдісін жаңадан ойлап табылды деуге келмес. Айталық 1918 жылы испанка аталатын эпидемияның алдын алуда кеңінен қолданылған. Көпшілік үшін айта кетер жайт, қан құю – коронавирусқа қарсы вакцина емес. Тек вирусқа қарсы тұру қабілетті қалыптастырып, ағзаны күшейтуге сеп болады. Жалпы мұны ғылыми әлемде – пассивті иммунизация деп атайды.