Коронавирустың өршуіне байланысты ШҚО-да Қытаймен шекарадағы шаралар күшейтілді

325
көрілім

ҚХР-дағы коронавирустың өршуіне байданысты ШҚО-да Шынжаң-Ұйғыр автономиялық аудандарымен шекаралас бекеттер күшейтілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облыстың шекаралас Зайсан және Үржар аудандарында медициналық қызметкерлер қосымша оқытудан өткізілуде. Эпидемиологтар вирусқа қарсы зерттеулер жүргізуде. Өткен айда үш мыңнан астам адам Қазақстан мен Қытай шекарасын екі бағытта кесіп өткен.

- Қазақстанда коронавирустың енуіне жол бермеу үшін шекарада бақылау күшейтілді, - деді Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Әуежайларда шетелден келген әр жолаушы жіті тексеруден өткізіледі.

- Шекара бекеттерінде дене қызуы жоғары жолаушыларды анықтайтын құрал орнатылған. Шетелден келетін әр адамның дене қызуын өлшеп, тексереміз, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің басшысы міндетін атқарушы Алия Оспанова.