Короновирус жұқтырғандар саны 2 млн-ға жуықтады

339
көрілім
Шартты фотосурет

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 919 913 адамға жетті. Жақын арадам 2 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінге дейін әлем бойынша 119 666 адам жаңа вирус жұқтырған.

Вирус жұқтырғандардың ең көп саны – АҚШ-та тіркелді. Құрама Штаттарында 700 000-ға жуық адам коронавирус жұқтырған.

Испанияда 170 099 науқас Covid-2019 жұқтырғандар, 17 756 адам қайтыс болған. Италияда қауіпті вирус 20 465 адамның өмірін қиған, ауырғандар саны – 159 516. Францияда, Германияда және Ұлыбританияда жұқтырғандар саны тиісінше 137 877, 130 072 және 89 571 адамды құрайды.