Көш басында

396
көрілім

Бюджеттің ашықтығы жағынан Шығыс Қазақстан облысы елімізде бірінші орында тұр.

«Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры директорының орынбасары Қуаныш Оңалбаев жергілікті бюджеттердің ашықтығын зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырды.

– Өткен жылғы көрсеткіш мынадай: бюджеттің ашықтығы бойынша көшбасшы – Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстары. Шығыс Қазақстанда бюджеттік ақпараттың ашықтығы жоғарғы көрсеткішке ие болса, ең төменгі нәтижені 100 ұпайдың 18-ін иеленген Алматы облысы көрсетті, – дейді Қуаныш Оңалбаев.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ