"Котел немесе черная қассаға" алданып қалмаңыздар

336
көрілім

Сарапшылар WhatsApp желісі арқылы тарап жатқан "Котел немесе қара қасса" деген ойынына алданып қалмауға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, бұл кезекті қаржы пирамидасы.

- Бұл – кәдімгі Понци жүйесі. Яғни, соңғы келген инвесторлардың қаржысын басында кірген инвесторлар алады. Қарапайым тілмен айтқанда, қаржы пирамидасы. "МММ", "Кэшбери" және қазір кең тараған басқа да тұрғын үй, круиз кооперативтері секілді жүйемен істейді, - деп жазды Finance.kz сайтының telegram каналы.

"Котел немесе черная қасса" ойынына кіру үшін 14 300 теңге салып, соңына екі досын кіргізеді. Олар да соңына екі адам қосқан кезде, төбедегілер пирамиданың үстіне шыға береді. Сөйтіп, сегізінші адам кірген кезде 114 000 мың теңгені алып, шығып кетеді. Тізбек осылай жалғаса береді. Бірақ басында кірген адамдар алады да, соңында кіргендер белсенді болмай, 14 300 теңгесінен айрылып қалады. Яғни пирамиданың үстіндегілер ақшасын қайтарып қана қоймай, қосып алады. Соңындағылар түксіз шығады.