Қуанышы ананың, қуанышы баланың

739
көрілім

Көкпекті ауданының Көкпекті ауылдық округінде 5600 тұрғын бар екен. Енді Осы тұрғындарды арасында 120 адам көп балалы, сонау Кеңес үкіметі кезінде он бала тауып «Батыр ана» атанған аналарымыз бен тәуелсіздік кезінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алғандар да осы санатта екен. Көп балалы аналарды 40 жасқа дейінгілері Көкпекті ауылы бойынша тура 18 адам екен. Тұрмыс жағдайлары төмен 4 отбасы баспана алуға кезекке тұрыпты. Бұл стаитсканың құрғақ мәліметі болса да, көрер, сезер жанға көп жайдан хабар береді. Бүгінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Нұр Отан» партиясының еліміз бойынша атқарып жатқан қызметі көпке аян. Ешкімге жарияла май, көпке шашпай, «бергенім мынау» - деп көзге түртпей отырған азаматтар қаншама.

Қыстың беті қайтып, көктем мерекелері жақындаған да ел де, жер де қуанғандай жақсы хабарлар тез тарай бастады. Соның бірі Көкпекті ауылының тұрғыны 11 жылдан бері пәтер жалдап жүрген Боранбаевтар әулетін Наурыз айында бақытқа кенеді. Зухра ана мен оның алты баласын қуантқан, отағасы Аманғажыны жігерлендірген Көкпектілік жомарт кәсіпкер мен ауылдың атқа мінер жігіттері екен. Зухра Боранбаеваның аяғы ауыр екен. Айы-күні таяп отырған ана, жаңа баспанасымкен құттықтап келген бізбен ақжарма тілегін былай бөлісті.

«Ауылда туып өстім. Тұрмысқа шыққан соң ата-анамыздан бөлек шығайық деп пәтер жалдадық. Мен құдайдың берген балаларын бағып үйде отырдым. Не үй алармыз, міне үй алармыз деп талпынсақ, үйелмелі сүйелмелі үш бала жедеқабыл келді. Отағасы Аманғажы жалғыз бас көтерер, оның табысы киім-кешек, тамақтан аспады. Сөйтіп алтты балаллы ана атандық. Ауылда тұрғын үй салынбағандықтан үй кезегі де жетпеді. Биыл аяғым ауырлады. Жұма күні шелпек пісіріп, ас қамдап отыр едім, үйге бұрын Көкпекті ауылында әкім болған Руслан Бектасов ағай келді. Сізді «Елім-ай – Көкпекті » басшысы кеңсеге келсін деп жатыр деп. Киініп барсақ, Болат Бекбердинов аға міне, сіздерге үй алып, беремін, мынау кілті, мерекеңізбен құттықтаймын – деді. Төбем көкке жетті» деп әңгімесін аяқтады Зухра ханым. Менің оларға деген алғысым - аман есен босанып, осы балаларымды нағыз азамат етіп тәрбиелеуден басталар. Қыздарымды апайдай, ұлдарымды ағайдай етіп тәрдиелеп, елқатарына қосқым келеді. Басқа сөзді айтып, куанышымды жеткізу мүмкін емес.

Төрт бөлмелі үйін тап-таза етіп жинап қойыпты. Ұлдарда – Әділ, Ұлан, Әлинұр үшін бөлек бөлме, қыздардыкі – Гүлім, Толғанай, Тоғжанға да жылы, жарық жай бар екен. Қонақ бөлмесі мен асүйі ат шаптырым. Жылы, жарық, терезеге гүл еккен ана мен баланың қуанышында шек жоқ.

Сыртқы жай бөлек шаруашылық – монша, гараж, жазғы ас үй, мал қора, отын шошаласы сақадай қатып тұр. Қайтсем отбасымды асыраймын, балаларымды жеткіземін, жарымды бақытты етем деген Аманғажының жігеріне жігер қайратына қайрат қосылды. Балалы үйін базар еткен ағаларына дән риза. Қайырымды жігіттердің қамқорлығының қайтарымын ару қызы, асыл азамат өсіріп қазақтың санын көбетумен қайтармақ. Қуанышқа ортақ болғанымызға біз де шаттандық. Дәл осындай қайырымы халқына, жылуы жұртына жететін қазақ азаматтары қасиетті жерімізді көркейтетіне кәміл сендік.

Айта кетсек, Көкпекті ауданында аудан кәсіпкерлерінің бастамасымен ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін 193 көпбалалы және жағдайы төмен отбасыға – 8 млн 869 мың тг соммасын құрайтын материалдық көмек көрсетілді. Алдағы уақытта бұл игі бастама жалғасып, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілетін болады.