Кубалық Олимпиада чемпионы коронавирустан жазылды

318
көрілім
Шартты фотосурет

Қазір грек-рим күресінің жерлесіміз Алмат Кебіспаевтың алдағы уақыттардағы қарсыласы Исмаэль Борреро Молина қауіпті індеттен сауығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, осыған дейін Молина кубалық спортшылар арасында алғаш болып коронвирус пандемиясын шалдыққан ретінде тіркелген еді. 28 жастағы «классик» қатерлі індетті өткен айда Канадада жүріп жұқтырған болатын. Канаданың Оттава қаласында өткен Панамерика ойындарына қатысып, 67 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Артынша командаластарына қолдау білдіру үшін бірнеше күн аялдап, қатерлі вирус жұқтырды. Десе де кубалық палуан өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатында Олимпиада ойындарына жолдама алып қойған.

Prensa Latina агенттігінің мәліметінше, қазір спортшының жағдайы бірқалыпты. Әзірге оқшаулану режімін сақтауда.