Құлпынай қан қысымын төмендетеді

412
көрілім

Құлпынай қан қысымын төмендетеді. Бұндай пікірді Флорида мемлекеттік университетінің ғалымдары айтуда.

The Daily Mail хабарлағандай, мамандар қан қысымы орташа немесе жоғары болып келетін 60 әйелге зерттеу жүргізген. Тәжірибеге қатысушылар 2 топқа бөлінген. Бірінші топ күнделікті құлпынай жеп тұрса, екінші топқа плацебо берілген. Тәжірибе 8 апта бойы жүргізілген. Нәтижесінде күнделікті құлпынай жеп отырған топтың келесі топқа қарағанда қан қысымы тұрақтала бастаған. Мамандардың айтуынша, құлпынайдың құрамында кездесетін антиоксидант жасушаның ішкі қабатын босаңсытады, ал бұл қан қысымының төмендеуіне алып келеді.