Күміс жүлдегер атанды

311
көрілім

Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова ресми түрде 2008 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Еске салайық, алғаш Бейжіңде өткен Олимпиадада Рыпакова төртінші орынға табан тіреген еді. Алайда кейін 2008 жылғы Олимпиада ойындарында үшінші болып келген грекиялық Хрисопия Девеци допингпен ұсталып, қола жүлде қазақстандық спортшыға бұйырды. Дәл солай рұқсат етілмеген препараттарды қолданды деп ресейлік Татьяна Лебедева күдікке ілінді. Спортшы Бейжіңдегі ойындарда екінші орында тұрған еді. Соның салдарынан осы айда Лебедева ресми түрде жүлдегерлер қатарынан шығарылды. Сөйтіп, екінші орынға жерлесіміз Ольга Рыпакова орналасты.

IAF сайты өз парақшасында қазақстандық спортшыны күміс жүлде иегері деп жариялап үлгерді. Лебедева мен Девеци шеттетілді. Аталмыш қашықтықтағы бүгінгі чемпион - камерундық Франсуаза Этон.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ