Құр атып қолға түсті

768
көрілім

Үржар ауданында жиырмадан астам құсты қынадай қырып қолға түскен браконьерлер Алматы облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, Үржар ауданының Шолпан ауылы маңында Алматы облысының 53 және 34 жастағы тұрғындары отырған «Mercedes-Benz» көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көрші облыстан келген қонақтар біздің өңірде заңсыз аңшылық құрғаны анықталды.

- Құрықталған азаматтар 22 құсты атып үлгерген екен. Олар шіл, қырғауыл және құр құстарын атқан. Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асып жығылады, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ерлен ОСМАНОВ