Курчатов қаласында 111 пәтерді жөндеуге бюджеттік өтінім берілген

307
көрілім

Қала басшысы екі мекенжай бойынша көппәтерлі тұрғын үй мәселесі шешімін табатындығын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылы «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы» басқармасына аталған қаладағы Абай көшесі 27 және 30 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдегі 111 пәтерді сатып алып, жөндеуден өткізуге өтінім берген. Анығы сол, бюджеттік өтінім қолдау таппаған.
Қала әкімінің орынбасары Дәурен Улмесековтың сөзінше, тиісті қаржы бөлінген жағдайда пәтерлер жөндеуден өткізіліп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бөлініп берілмек.
Нұрбек АСҚАРОВ