Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты Сербияда өтеді

338
көрілім

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) атқарушы комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен жаһандық дода 12-20 желтоқсан аралығында Сербияның астанасы Белград қаласында өтеді. Дегенмен Біріккен күрес әлемінің мамандары қараша айының 6-сы күні тағы бір мәрте онлайн жиын өткізіп, пандемияға қатысты орын алған қандай да бір өзгерістер жөнінде ой алмаспақ. Тағы бір айта кетерлігі, желтоқсан айына жоспарланған жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өткізілмейтін болды.