Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол жабынына тексеріс жүргізді

3456
көрілім

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол-көлік апаттарының бір себебі жол жабынының сапасына байланысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сондықтан да ШҚО Күршім АПБ қызметкерлері ауыларалық және ауылішілік жолдарды ұдайы назарда ұстауда.

- Атап айтсақ, маусым айының 2-сі күні «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы аясында Күршім АПБ ӘПБ Жол және техникалық инспекциясы қызметкерлері Күршім ауылындағы көше жол желісін, бақылау люктерін және жол төселіміндерін тексерді. Тексерулер нәтижесі бойынша тиісті мекемелерге ұйғарымдар берілді, - делінген мәліметте.