Күршім ауданы тұрғынынан марихуана тәркіленді

3556
көрілім
Шартты сурет

Қаңтар айының соңында Күршім аудандық полиция бөліміндегілер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жергілікті тұрғыннан есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тінту барысында 26 жастағы ер адамның үйінің маңындағы гараждан өзіндік иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылған.
– Сарапшы қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 2807,59 грамм марихуана болып шықты. Бүгінде оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көзделген.