Күршім ауданында 1000-нан астам көшет отырғызылды

616
көрілім

"Экосағат" республикалық акциясы аясында Күршім ауданында 1000-нан астам көшет отырғызылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Республика көлемінде өткен ауқымды шараға 5000-нан астам күршімдік атсалысты.

- Жасыл желек отырғызуға мектеп оқушылары, кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудан ақсақалдары қатысты. Мектептерде "Қоршаған ортаны қорғау" тақырыбында сынып сағаттары өтіп, жас ұрпаққа табиғат ананы аялау негіздері түсіндірілді. Жалпы, биыл Күршім ауданында " Жас өркен" бағдарламасы аясында бұған дейін 7000 түп көшет отырғызылған болатын, - деді аудан басшысы Дулат Қажанов.