Күршім ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

490
көрілім

Аталған мекеме Күршім ауданының орталығында орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыста денсаулық сақтау саласына үлкен мән берілуде. Әсіресе түрлі ауруларға шалдыққан балалар денсаулығы қатаң бақылауға алынуда. Алдағы жылдарда қайта оңалту орталықтары мен емханалар, емдеу-сауықтыру орындары облыстың бірнеше өңірінде ашылмақ.

Күршімде тұсауы кесілген орталық арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту мақсатындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған.


«Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, замандастарымен қатар дамуға бейімдейді. Арнайы мамандардың жіті бақылауының арқасында балалар қажетті медициналық көмек алады. Орталықта асхана, демалатын орын, сауықтыру орталығы жұмыс істейді» деп жазды аудан әкімі Дулат Қажанов өзінің Фейсбук парақшасында.