Күршім ауданында полиция полковнигі Нұрмұхамбет Сариповты еске алуға арналған волейбол сайысы өтті

653
көрілім

Күршім ауданы, Марқакөл ауылында Қазақстан Полициясының 25 жылдығына орай полиция полковнигі, волейболдан облыстық біріншіліктердің бірнеше дүркін жеңімпазы Нұрмұхамбет Сариповты еске алуға арналған облыстық ерлер командалары арасындағы волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Турнирге облысымыздың аудандары мен қалаларынан 7 команда қатысты. Атап айтсақ, ШҚО ІІД, Күршім, Глубокое, Тарбағатай, Зайсан аудандарының, Бұқтырма кентінің және Марқакөл ауылының командалары бақ сынасты.

Аса тартысты өткен ойындар нәтижесінде турнирдің бас жүлдесін — ШҚО ІІД, екінші орынды — Глубокое ауданының және үшінші орынды — Күршім ауданының командалары иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубоктармен, мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.