Күршім ауданында суға кеткен екі адамды іздеу жұмыстарына судың тасуы кедергі келтіріп тұр – ШҚО ТЖД

850
көрілім

Күршім ауданы Қалжыр ауылында суға кеткен екі азаматты іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алайда екі ер адамның денесі әлі де табылған жоқ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, із-түссіз жоғалған екі азаматты табу үшін құтқарушылар судың жағалауын торуылдауда. Жағадан ары асып іздестіруге судың қатты тасуы мүмкіндік бермей отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, Күршім ауданында 1974 (болжам бойынша 12 мамырда суға кеткен) және 1987 жылғы ер адам (құтқарушы, шамамен 14 мамырда суға кеткен) суға кеткен болатын. Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен бірге еріктілер де тартылғанымен, іздеу жұмыстары әлі нәтиже бермей тұр.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ