Күршім ауданында тәртіп бұзушылықтың алды алу мақсатында рейд жүргізілді

3143
көрілім

Күршім ауданында білім бөлімінің мамандары мен тәртіп сақшылары бірлесе тәртіп бұзушылықтың алды алу мақсатында рейдке шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай аталған шараға полицияның сервистік моделін қолданысқа енгізе отырып, Күршім АПБ ЖПҚБ КТІжБ-нің  қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары және ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.

- Күршім ауылындағы дүкендерді аралап, жасөспірімдерге  алкоголь, темекі  өнімдерінің сатылмауын, түнгі уақытта кафелерге заңды өкілінің еруінсіз жүрген жасөспірімдердің келмеуін, қонақүйлерге жасөспірімдерді қондырмау бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында түнделетіп көшеде жүрген балалар анықталмады, - делінген мәліметте.