Күршім ауданында тұрғындардың мәселесі шешілетін болады

739
көрілім

21 қарашада жалпыреспубликалық іс-шара -Азаматтарды қабылдаудың Біртұтас күніне орай, Күршім ауданында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша бірыңғай қабылдау күні өтті. Аудан әкімі Д.Қажановтың қабылдауына тұрғындар түрлі мәселелерін айтып, көмек сұрап келді. Жалғызбасты, көпбалалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған жандар, кәсіпкерлер түрлі арыздарын айтты. Қабылдау барысында жол, несие, тұрғын үй және жарықтандыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Әр арызданушының сұрағы мұқият қаралып, дер кезінде жауап беріліп, көбінің шешімі табылды. Күрмеуі қиын кейбір сауалдар бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырма берілді. Қысқа уақыт аралығында әр арызданушының мәселесі оң шешімін табатын болады.