Күршім ауданында "Учаске" жедел алдын алу шарасы өткізілуде

448
көрілім

Күршім аумағында 1 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шара аясында учаскелік полиция қызметкерлері үй-үйді  аралап,  ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексереді.

- «Учаске» операциясы мақсаттарының бірі - әрбір пәтер мен үйге барып, иелеріне учаскелік полиция пункттерінің байланыс нөмірлері көрсетілген парақшаларды табыстау. Сонымен қатар полицейлер әр отбасындағы жағдаймен танысып, құқықтық сауаттылық бойынша кеңестер береді. Есепке  қойылған  отбасылар учаскелік инспекторлардың бақылауында болатындығын ескертеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 73-бабы 1-бөлігі «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша заң бұзған азаматқа ескерту беріледі немесе ол 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, - делінген мәліметте.

Аталған шара желтоқсан айына дейін жалғасады.