Күршім ауданында үлкен аумақты шарпыған өрт сөндірілді

27
көрілім

Күршім аудандық өрт сөндіру бөліміне 8 қазан күні Сәтжол учаскесінде 40 гектар дала өртке оранды деген хабар келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға орнына 30-өрт сөндіру бөлімінің кезекші жасағы аттанған. Күршім орман шаруашылығы қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше өз күштерімен өшірмек болған, алайда шабындық жердің көп жері отқа оранған соң қосымша көмек шақыртылған. Толық сөндіріп болғанға дейін 70 гектар жер жанып кетті.

– Тілсіз жауды ауыздықтауға 14 өрт сөндіруші, орман шаруашылығының 11 жұмыскері, жергілікті атқарушы органдарының 13 қызметкері мен 4 ауыл тұрғыны жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша өрт қауіпсіздік ережесін сақтамаудан болды, – дейді Күршім аудандық ТЖБ мамандары.