Күршім ауданында жаңа жылдық шыршаның биіктігі қанша?

566
көрілім

Күршім ауданында Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбеген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Айтулы мерекеге орай 25 желтоқсанда Жастар ресурстық орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аудан әкімнің жаңажылдық қайырымдылық шарасы өтеді. Аудан орталығында шырша бұрыннан бар. Табиғи шыршаның биіктігі 8 метр, - дейді аудан әкімінің орынбасары Е. Шораяков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылы аудан әкімінің шыршасы 26 желтоқсанда Марқакөл өңіріндегі Қалжыр орта мектебінде, 27 желтоқсанда Күршім ауылында Жасатар орталығында өткізілмек. Мерекеге көпбалалы отбасылар, азқамтылған отбасындағы балалар және оқу үздіктері мен жетім балалар қатысады.

– Аудан әкімінің балаларға арналған жаңажылдық шыршасына жергілікті бюджеттен 1 млн 134 мың теңге қарастырылды. Бірақ жаңажылдық отшашулар ұйымдастырылмайды, - деді ол.