Күршім ауданында «Жасөспірім» профилактикалық алдын алу шарасы өтуде

648
көрілім

Аталған шара қыркүйек айының 13-інен 19-на дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тарапынан қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеу және оларға қарсы қылмыс жасалудың алдын алу. Сонымен қатар жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еруінсіз үй жайларыннан тыс жерде жүруін, алкоголь ішімдіктерін пайдалануы, олардың қару соұғып алу, я болмаса кесетін заттарды алып жүруі фактілерін анықтау үшін Күршім АПБ ЖПҚБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары, ішкі саясат, мәдениет,тілдерін дамыту бөлімінің мамандары бірлесе отырып күнделікті түнгі рейдтерге қатысуда. Мектептерде күнделікті оқушылар арасында дәріс сабақтар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.