Күршім ауданындағы апатты мектептің орнынан жаңа мектеп салынбақ

858
көрілім
Шартты фотосурет.

Күршім ауданы, Ұранқай ауылындағы орта мектептің балалары жақын болашақта жаңа мектепте оқитын болады. Тиісті тапсырманы облыс әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданына барған іс-сапарында берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұранқай мектебінің балалары 2011 жылдан бастап апаттық мектепте білім алып келеді. Аймақ басшысы балалардың білім алып жатқан оқу ордасы жағдайымен танысып, аудан әкіміне, қажеттілікке байланысты, 80 немесе 100 орындық мектептің типтік жобасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.

– Типтік жобаны әзірлеп, жақын болашақта қажет құжаттардың бәрін дайындау керек. Балалар жайлы жағдайда білім алуды қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз, – деді Даниал Ахметов.

Ұранқай болашағы бар ауыл. Бүгінгі таңда мұнда көптеген жас отбасылар тұрып жатыр. Егер қажеттінің бәрі қол астында болса, туған өлкесінде қалатындар саны да көп болмақ, деп сөзін түйіндеді облыс басшысы.