Күршім ауданындағы Қалжыр, Боран ауылдарында жаңа футбол алаңы ашылды

577
көрілім

Қалжыр, Боран ауылдарында жаңа футбол алаңының ашылу салтанаты болды. Шараға қоғамдық ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Күршім ауданында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында «Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасы іске асуда. 

- Облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен төртінші дәрежелі ауылдарда спортты дамытуға қаржы бөлінген болатын. Өңірімізде спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, өзге де салаларды дамытуға аса мән берілуде. Қалжыр, Боран ауылдарында ашылған осы футбол алаңдары ауыл тұрғындарының үлкен-кішісіне қуаныш сыйлап, бос уақыттарында спортпен айналысуларына мүмкіндік береді, - дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.