Күршім ауданының тұрғыны 360 келіден астам тірі шаянды заңсыз тасымалдаған

1475
көрілім

Күршім ауданының тұрғыны 6320 дана тірі шаянды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында кезекті заңбұзушылық анықталды. Құйған ауылдық округіне қарасты «Қызыл ту» өткелінде жүргізілген тексеру кезінде Күршім ауданының полиция қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Нәтижесінде, оның тиісті рұқсат құжаттары жоқтығы, көлікте салмағы 364 келіден асатын 6300-ден асатын тірі шаян бар екені анықталды.
Күршім ауданының инспекциясы шығын сомасы шамамен 2 014 000 теңгені құрайтынын хабарлады.


- Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі келісім жасалған кезде шаяндарды бетперде киген бес бейтаныс адамнан сатып алғанын айтқан. Кейін тауарды күйеу баласының Газеліне тиеп, әрі қарай Өскеменге бет алып, жолда оны тәртіп сақшылары ұстаған. Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы, 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.
Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер» жедел алдын алу шарасы 19 қарашаға дейін жалғаспақ.