Күршімде екі ер адам 300 келіге жуық балықты заңсыз аулаған

663
көрілім

Күршім ауданында екі ер адам заңсыз балық аулаған. Тәртіп сақшылары броконьерлердің көліктерінен 300 келіге жуық аулаған балықты тәркіледі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тиісті рұқсат қағазынсыз балық аулаған қармақшылар Аманат ауылында ұсталған.

– Полиция қызметкерлері 58 жастағы ер адам тізгіндеген автокөліктен 164 келі шортан, көксерке мен табан балығын анықтады, – деп хабарлады ведомство. – Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 380 мың теңгені құраған. Ал 33 жастағы азаматқа тиесілі екінші көліктен заңсыз ауланған 120 келі балық тәркіленді. Шығын көлемі 260 мың теңгені құрады.