Күршімде заңсыз аң аулау фактісі анықталды

605
көрілім

16 қараша күні Күршім ауданының полиция қызметкерлері 12 калибрлі мылтықпен заңсыз аң аулаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың 16 қараша күні, шамамен сағат 11.30-да Күршім ауданының тәртіп сақшылары «Зайсан-Боран» тасжолында 12 калибрлі мылтығы және атып алған маралы бар  40 жастағы ер адам басқарған ВАЗ-21122 автокөлігін тоқтатты.
Оқиға орнында маралдың қаңқасы мен 12 калибрлі мылтық тәркіленіп, суретке түсірілді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Заңсыз аң аулау фактісі ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген.