Күршімде заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды

85
көрілім

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында Күршім ауданының полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

9 қаңтар күні таңғы сағат 5.00 шамасында Қалжыр-Күршім тасжолынан тәртіп сақшылары 28 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Carina маркалы көлікті тоқтатады. Тексеру барысында жұмыссыз ер адам тиісті құжаттары жоқ, жалпы салмағы 306 келіні балықты тасымалдағаны анықталды.

Оның ішінде нәлім – 266 келі, қарабалық – 10 келі, шортан – 3 келі және 27 келі ақтабан балығы бар. Келтірілген шығып көлемі 815 182 теңгені құрады.

Ұсталған азамат балықтарды Күршім ауданы, Шенгелді ауылының жанындағы Зайсан көлінен ұстағанын айтты.

Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.