Күршімдік волейболшылар облыс чемпионы атанды

4132
көрілім

Наурыз айының 21-24 күндері аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының ерлер командалары арасында волейболдан облыстық біріншілік өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Біріншілікке 19 команда қатысды. Ала допты алаңның әр аймағынан ұрып, қарсылас тосқауылын бұзып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Күршімдіктер өз топтарында: Зайсан, Үржар, Ұлан аудандарының командаларын жеңіп, финалдық ойындарда Тарбағатай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласының командаларынан басым түсті. Облыс деңгейіндегі сайыстарда ұдайы жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген волейболшылар бұл жолы чемпион атанды.