Құтқарушының құрметіне

475
көрілім

Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінің бойында қызметтік борышын өтеу барысында деп суға кеткен құтқарушы Елдос Нұрпейісовке еске алу тақтайшасы қойылды.

Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару жасағы 9-бөлімшесінің құтқарушысы Елдос Нұрпейісов өткен жылдың мамыр айында мерт болған еді. Өз әріптестерімен бірге ол Күршім ауданының Қалжыр өзенінде суға батып кеткен адамның денесін іздестіріп жүрген. Жұмыс күрделі және қауіпті жағдайларда жүргізілді – су деңгейі көтеріліп, күшті ағын байқалды.

– Елдос Нұрпейісов қайықтан құлап түскен, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі, – Оның денесін 2 айға жуық іздестірілді. Елдостың артында әйелі мен үш баласы қалған.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ