Қылмыс ашылды

298
көрілім

Облыс орталығы мен Семей қалаларындағы телефон ұрлығының алдын алу мақсатында 10-16 қыркүйек аралығында „Сатып алу„ акциясы өткізілді, деп хабарлайды газет тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрланған телефондарды анықтау мақсатында облыстық Ішкі істер департаменті 13 мобильді топ жасақтады. Осылайша жеті күн бойына жүргізілген шаралар барысында осыған дейін орын алған 62 қылмыс ашылды. Олардың 15 фактісінде телефон қолды болса, қалған 47-де иелері жоғалтып алған. Рейдтік шаралар барысында ұялы телефондар сатылатын 56 орын тексерілді.

Ерлен ОСМАНОВ