Қымбат қайта протездеу операциясы МӘМС шеңберінде шығысқазақстандықтарға қолжетімді

684
көрілім

Жыл сайын облыстық аурухананың ортопедия бөлімшесінде 500-ге жуық жамбас және тізе буынына эндопротез орнатылады. Алайда уақыт өте келе эндопротездерді ауыстыруға тура келеді, өйткені тіпті сапалы деген шетелдік протездер де тозады, олардың да қызмет ету мерзімі бар. Мұндай операция қымбат-шамамен екі миллион теңге. Бірақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандар үшін бұл жоғары технологиялық медициналық көмек МӘМС пакетінде қолжетімді.

Тарбағатай ауданы Күйген ауылының тұрғыны 60 жастағы Кеңесжан Шектібаевқа дәрігерлер  жақында тізе буынының тозған протезін ауыстырып берді. Бұл ревизиялық протездеу деп аталады. Пациент бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтің МӘМС аясында тегін жүргізілгеніне өте риза екенін айтады.
-Мен бұрынғы өміріме қайта оралдым, өйткені ауылда тұратын адам үшін бұл өте маңызды. Ауылда үнемі ат үстінде жүрдім, ауырған кезімде кез келген қозғалыс  үлкен проблемаға айналды. Қатты қиналдым, өйткені тізедегі барлық сұйықтық жоғалып кетті, содан тізе буыным деформацияланған, — дейді Советкан Шектібаев. 
Бүгін ер адам бұрынғы үйреншікті өміріне қайта оралды, ауырсынуды ұмытып, бұрынғыдай  атқа мінеді, ауыр жұмыс атқара алады. 
-Жыл сайын біздің бөлімшеде жамбас және тізе буындарының 500-ге жуық эндопротезі имплантацияланады, уақыт өте келе оларды ауыстыру қажет. Біздің пациенттерімізге қойылған Франция мен АҚШ-тың жоғары сапалы протездері де он бес жылдан жиырма жылға дейін қызмет етеді. Эндопротездің тез тозуына науқастың аз қимылдауы, созылмалы аурулары, артық салмақ, алған жарақаттары және басқа да факторлар себепші болуы мүмкін, — деп түсіндірді облыстық ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бакербеков.
Думан Төлеубекұлының айтуынша, қайта (ревизиялық) протездеу күрделі ота болып табылады, өйткені бастапқы араласумен салыстырғанда асқыну қаупі жоғары. Бұл жоғары технологиялық медициналық көмекке жатады, өйткені мұндай жағдайларда өткізу технологиясына, материалдар мен жабдықтарға, қызметкерлердің біліктілігіне ерекше талаптар қойылады. Операция тіндердің тыртық өзгерістерімен, сүйектердің жұқаруымен, пайда болған сүйек ақауларымен, науқастың прогрессивті ауруларымен және басқа факторлармен қиындайды.
-Жыл сайын біздің ауруханада жамбас пен тізе буындарына 30-ға жуық ревизиялық протездеу жүргізіледі. Кейде біздің дәрігерлер сүйек тінінен дайындаған донорлық импланттар өз банкіміздегі қолданылады. Қайта протездеу операциясының құны миллиондаған теңгені құрайды, бірақ МӘМС қатысушылары бұл көмекті қор қаражаты есебінен алады, - деп нақтылады дәрігер.
Эндопротездің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бакербеков пациенттерге инфекциялардан, қабынулардан сақ болуға, салмақты бақылауға, белсенді өмір салтын ұстануға, бірақ шамадан тыс жүктемелерсіз, остеопороздың алдын алуға, жарақаттанудан аулақ болуға кеңес береді. Егер осы шарттар орындалса, қазіргі заманғы сапалы эндопротездер пациентке өмір бойы алмастырусыз қызмет ете алады.