Өңіріміздегі жылыту бекеттерінің қай жерлерде орналасқаны белгілі болды
Қыс айлары әлі орнамағанымен биылғы қараша алғашқы аязды әкеліп үлгерді. Бірнеше ауданда сабақ болмай, бірқатар тасжолдар жабылып, "112" нөміріне қоңырау шалған адамдар қарасы көбейді.
Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген ТЖД қызметі қазіргі уақытта өңірімізде 4000 адам мен 1200 техниканың сақадай сай тұрғанын хабарлады.
- Құтқару бөлімшелерінде жүрісі жоғары 160 техника бар, - деді баспасөз мәслихаты барысында ТЖ жою бөлімінің бастығы Азамат Қапышев. - 12 республикалық маңыздағы тасжолдар мен 4 облыстық маңыздағы автожолдардың боранқа төтеп бере алмауы мүмкін деген бөліктерінде күндіз-түні жұмыс істейтін 16 жылыту пункттері ашылған. Олардың кейбірінде күндіз-түні жол қызметінің жұмысшылары кезекшілік жасайтын болады. Сондай-ақ Жарма, Бесқарағай және Ұлан аудандарында жедел медициналық қызмет көрстетеін төрт медициналық құтқару пункттері дайын. Бұдан бөлек, облыс орталығының әуежайында "Қазәуеқұтқару" бөлімшесінің МИ-171 және Еурокоптер-145 маркалы екі тікұшағы да дайындық сапына қойылған. Республикалық тасжолдарды қардан тазартатын техниканың дайындығы 93 пайызды құраса, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды қардан тазартатын 700-ден астам техниканың дайындығы 95 пайызды құрайды.
Тасжолдардағы медициналық құтқару пункттері келесі жол бөліктерінде орналасқан:
- Өскемен-Семей тасжолының 84-ші шақырымында Ұлан ауданына қарасты Привольное ауылының маңында орналасқан "Привольное" пункті. Байланыс телефоны: 8 (72334) 31-446.
- Алматы-Семей тасжолының 865-ші шақырымында Жарма ауданына қарасты Аршалы ауылының маңында орналасқан "Жарма" пункті. Байланыс телефоны: 8 (72347) 40-814.
- Семей-Павлодар тасжолының 634 шақырымында Бесқарағай ауданына қарасты Семеновка ауылының маңында орналасқан "Семеновка" пункті. Байланыс телефоны: 8 (72236) 22-929.
- Омбы-Майқапшағай тасжолының 826 шақырымында Жарма ауданына қарасты Суықбүлақ ауылының маңында орналасқан "Семей" пункті. Байланыс телефоны: 8 (72347) 67-803
Республикалық және облыстық маңыздағы автожолдар бойында орналасқан жылыту пункттері:
Жол атауы |
Пункттердің орналасқан жері |
Алматы-Өскемен автожолы |
775-ші шақырымындағы Аягөз қаласында – ЖҚП-1, ЖҚУ -71 |
Омбы-Майқапшағай автожолы
|
733-ші шақырымындағы Семей қаласында –ЖҚУ - 26, Широкая көшесі,7 үй |
973-ші шақырымындағы Байбура асуында - ЖҚУ-29 |
|
1002-ші шақырымындағы Көкпекті ауылында – ЖҚУ - 29 |
|
1258-ші шақырымындағы Зайсан қаласында - ЖҚУ-33 |
|
Қарағанды облысының шекарасы - Қайнар -Баршатас-Аягөз-Боғас автожолы |
528-ші шақырымындағы Баршатас ауылында – ЖҚП, ЖҚУ -71 |
Таскескен-Бақты автожолы |
128-ші шақырымындағы Мақаншы ауылында – ЖҚП, ЖҚУ-24 |
9-шы шақырымындағы Таскескен ауылында – ЖҚП, ЖҚУ-24 |
|
78-ші шақырымындағы Үржар ауылында – ЖҚУ - 24 |
|
Өскемен-Семей автожолы |
46-шы шақырымындағы Таврия ауылында – ЖҚП, ЖҚУ-30 |
Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары автожолы |
46-шы шақырымындағы Северное ауылында – ЖҚП, ЖҚУ-30 |
166-шы шақырымындағы Зырян қаласында – ЖҚП, ЖҚУ- 32 |
|
Өскемен-Тарғын-Самар автожолы |
62-ші шақырымындағы Тарғын ауылында |
109-шы шақырымындағы Өмеш асуында |
|
Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Ашалы автожолы |
Егіндібұлақ ауылында |
Теректі-Ұранхай-Төсқайың автожолы |
57-ші шақырымындағы Ұранхай ауылында |
Азамат ТЕМІРБЕКОВ